Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қаңғыбас адам көшеден тауып алған 17 мың долларды қайырымдылық ұйымына берген

2018 жылғы 7 желтоқсан 10:36 171
Бөлісіңіз:
Қаңғыбас адам көшеден тауып алған 17 мың долларды қайырымдылық ұйымына берген

АСТАНА. ҚазАқпарат -Үйсіз-күйсіз жүрген Самнер қаласының тұрғыны (АҚШ)  Кевин Бут көшеден ақша толы пакетті тауып алған. Ол ойда-жоқта үстінен түскен «қазынаны» өзіне алмай, қайырымдылық азық-түлік банкіне берген, деп хабарлайды Seattle Time.

Ұқсас жаңалықтар
Сапарбаев 13 үйдің шөбі өртеніп кеткен ауылдың тұрғындарымен кездесті Мысырда 4400 жыл бойы ашылмаған көне мазар табылды

Кевин - Вашингтон штатындағы Самнер қаласында орналасқан азық-түлік банкінің жиі келетін қонағы. Ол таңертең әдеттегідей тамақтану үшін банкке барған. Кевин ғимараттың маңынан қоңыр түсті пакетті байқап қалады. Алғашқыда пакеттің ішінде азық-түлік бар деп ойлаған, бірақ ішін ашқанда ақшаны көрген. Пакетте 17 мың доллар болған.

Ол көп ойланбастан сөмкені алып, азық-түлік банкінің валонтеріне береді. Ал пакетті тамақ салынған болар деген оймен ашқан ерікті 20 және 100 долларлық қағаз ақшаны көріп таң қалған. Полиция оны тәркілеп, тергеу жүргізуді бастады.

90 күннің ішінде полиция ақшаның иесін таппаған соң қаржыны қайырымдылық ұйымына беруді жөн деп тапқан. Олар Кевинге адалдығы үшін алғыс білдірді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT