«Канелоның» промоутері шәкіртінің артықшылығын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя өз шәкіртінің артықшылықтары туралы айтты, деп жазады Sports.kz.

Оскар де ла Хойяның айтуына қарағанда, «Канело» қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) алғашқы жекпе-жегінде өзінің мүмкіндігін толық көрсетпеді деп есептейді.

«Канело» қозғалып бокстасады алады. Алайда ол төбелесе алмайды. Ол Головкинмен салыстырғанда жекпе-жектің шебері. Біз GGG көрдік, олар (Головкин командасы- авт.) шын «Канелоны» көрмеді. Оған сіздер 15 қыркүйекте куә боласыздар», - деді Де ла Хойя.

«Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

Соңғы жаңалықтар