«Канелоның» промоутері оған Головкиннің орнына басқа қарсылас тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC және WBA тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварестің мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компанияның басшысы Оскар Де Ла Хойя қарамағындағы спортшының британдық боксшы Рокки Филдингті жеңген жағдайда WBA тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы екінші чемпион Каллум Смитпен жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін айтты. Бұл туралы Sports.kz жазды.

«Егер Альварес бұл айқаста жеңсе, неге Эдди Хирнда келісімшартта отырған WBA Super чемпионы Каллум Смитпен жекпе-жек өткізбеске? Бұл айқас қос тарапқа да жақсы табыс әкелуі мүмкін», - деді Де Ла Хойя. 

Еске сала кетейік, Сауль Альварес пен WBA Regular тұжырымдамасы бойынша екінші орта салмақтағы чемпион Рокки Филдинг 15 желтоқсанда Нью-Йорктың (АҚШ) Madison Square Garden алаңында кездеседі. Каллум Смит 28 қыркүйекте Сауд Арабиясының Джидда қаласында отандасымыз Джордж Гроувсты жеңіп, жетінші раундта нокаутқа жіберген болатын. «Канело» 15 қыркүйекте болған соңғы айқасында төрешілер шешімімен Геннадий Головкинді жеңді.

Соңғы жаңалықтар