«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы келіссөздердің басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен біздің президентіміз Эрик Гомеске Головкинмен келіссөздерді бастауға тапсырма бердім», - деп жазды Де ла Хойя твиттерде.

Бұдан бұрын Де ла Хойя үшінші айқастың 4 мамырда Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін екенін айтқан еді. Бірінші жекпе-жек те, екінші айқас та сонда өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар