«Канелоның» промоутері Головкинмен екінші айқасқа қатысты болжам жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегі туралы келіссөздер мен  жекпе-жектен не күтетіні жайлы айтып берді, деп жазады  Sports.kz.

«Жекпе-жек бойынша келісім жасау қиынға соқты. Келіссөздер өте күрделі болды, екі тараптың көңілінен шығу үшін уақыт қажет еді. Біз оған қол жеткізіп, жекпе-жекті өткізетін болдық», - деді Де ла Хойя айқасты сақтап қалу үшін өз қаржысын салғанын айта отырып.

«Бұл екі боксшы үшін де қиын айқас болмақ. «Канело» Головкинге қатты ашулы, жекпе-жек екеуі үшін де маңызды. GGG «Канело» туралы біраз сөз айтқаннан кейін, Саульдің боксқа деген ынтасы артады. Ол бұрынғыдан да қатты жаттықпақшы. Жекпе-жек оңай болмайды, бірақ біз «Канелоға» 100% сенеміз.

Қыркүйекте екі қарсылас та бір-бірін нокаутқа түсіру мақсатында шығады. Ешқайсысы айқасты төрешілердің шешіміне жеткізгілері келмейді. Бірінші жекпе-жектің тең нәтижемен аяқталуы дау тудырған еді. Егер «Канело» нокаутпен жеңсе, бокс королі атанады. Мен «Канелоның» Головкинді нокаутпен жеңетініне сенімдімін», - деді Оскар  ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.  

Соңғы жаңалықтар