«Канелоның» промоутері Головкинмен екінші айқас өтетін күнді айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя әйгілі боксшы Шугар Рэй Леонардпен әңгіме барысында Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші кездесу өтетін күнді айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Villainfy Media журналисінің айтуынша, Де ла Хойя: «Жекпе-жек қыркүйекте өтеді. Біз келіссөздерді аяқтағалы жатырмыз», - деген.

Еске сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылғы 17 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын. Сол кезде төрешілердің бұл шешіміне көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары наразылық танытқан еді.

Соңғы жаңалықтар