+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Канелоның» промоутері Головкинмен болатын үшінші жекпе-жектің басты шартын айтты

2020 жылғы 22 қаңтар 12:44
Бөлісіңіз:
«Канелоның» промоутері Головкинмен болатын үшінші жекпе-жектің басты шартын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канелло» Альварестің мүддесін жақтаушы промоутер Оскар де ла Хойя мексикандықтың IBF және IBO белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын үшінші жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шереметаның промоутері Головкинмен титулдық жекпе-жектің жаңа датасын айтты P4P: Головкин үздік боксшылардың жаңа рейтингінде өз орнын сақтап қалды Шереметаның бапкері Геннадий Головкиннің дайындығы туралы айтты

Оскардың сөзіне қарағанда, үшінші айқастың тағдыры Альварестің қалауына байланысты:

— Әрине, халықтың осы айқасты көргісі келетіні сөзсіз, бірақ шешімді «Канело» қабылдайды. Жақында біз кіммен жекпе-жекке шығатынымызды шешеміз, — деді Golden Boy Promotions басшысы ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

«Канелоның» рингке оралуы 2 мамырға жоспарланып отыр, бірақ қарсыласы әлі анықталған жоқ. Ал Головкиннің келесі жекпе-жегі 28 наурызда Чикагода өтеді, қарсыласы - польшалық Камил Шеремета.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT