«Канелоның» промоутері Головкинге тағы да шарт қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинге қыркүйекте үшінші айқастың өтуіне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Де ла Хойяның айтуынша, Головкин трилогияның болатынына сенімді, алайда «Канело» Головкиннің қолында әлем чемпионы белбеуі болмайынша, үшінші жекпе-жек өткізуге құлқы жоқ.

«Головкиннің қыркүйекте «Канеломен» айқасатыны - өтірік. Алдымен, Головкин қайта көтерілуі керек. «Канело» қазір чемпион, оның таңдауы көп: 168 фунтта да, 175 фунтта да. Егер Головкин онымен жұдырықтасқысы келсе, алдымен әлем чемпионымен жекпе-жек өткізуі керек», - деп мәлімдеді Де ла Хойя.

Еске салайық, 8 маусымда Нью-Йоркте Головкин канадалық Стив Роллспен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар