«Канелоның» промоутері боксшының проблемасы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя боксшының HBO телеарнасымен аяқталуға жақын келісімшарты туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл, «Канелоның» HBO-дағы соңғы айқасы болған сияқты. Бірақ, біз жақсы серіктестерміз. Сондықтан олардың келіссөздер жасауға құқықтары бар. Біздің промоутерлік жұмысымыз - «Канелоға» үздік мәміле жасау. Қай ұсыныстың тиімді болатынын қарастырамыз. Мейлі ол ESPN, DAZN, Facebook немесе тіпті Showtime болсын, таразыға салып көреміз», - деді Де ла Хойя.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас-Вегас қаласында өтті. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең аяқталған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар