«Канелоның» келесі айқасы кіммен және қашан өтетіні ресми мәлімделді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) жаттықтырушысы Эдди Рейносо боксшының келесі жекпе-жегі кіммен және қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канелоның» қарсыласы – WBO нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО). Жекпе-жек мексикалық Синко де майо мерекесіне орай ұйымдастырылады.

«Канело» өзінің келесі кездесуін 2 мамырда өткізеді. Біз Сондерспен айқасатын боламыз. Жекпе-жек Лас-Вегаста болады», — деп мәлімдеді Рейносо.

Айта кетейік, қыркүйек айында Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар