«Канелоның» келесі айқасы қашан өтетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварестің мүддесін қорғайтын «Golden Boy» промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ұлттық Синко де Майо мерекесі алдындағы мексикалықтың жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канелоның» келесі айқасының 2 мамырда өтетіні жоспарланып отыр. Мексикалықтың қарсыласының кім екені әзірге беймәлім. Осы айда Гомес боксшымен кездесіп, алдағы айқастың мән-жайын талқыламақ.

Боксшының қай салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатыны да айтылмады. Болжамға сай, Сауль Альварес екінші орта салмақта өнер көрсетуі мүмкін. Алайда орта салмақ пен жартылай орта салмақта да шығып қалуы мүмкін деген тұспал бар.

Айта кетсек, 2 қарашада «Канело» жартылай орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігі үшін ресейлік Сергей Ковалевпен шығып, оны нокаутқа түсірген еді. Алайда көп өтпей боксшы бұл титулдан бас тартты. Айта кетерлігі, орта салмақта қазақстандық чемпион Геннадий Головкин Альвареспен үшінші айқасқа шығуға ниет білдірген болатын.






Соңғы жаңалықтар