«Канелоның» Головкинмен үшінші рет кездесуден басқа амалы қалмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі промоутер Эдди Хирн қоластындағы боксшы Каллум Смит жақын арада Сауль Альвареспен кездеспейтінін айтты. Бұл туралы Vringe.com порталына сілтеме жасап Sports.kz хабарлады.

«Хирн Смитке «Канеломен» айқаспас бұрын тағы екі жекпе-жек ұйымдастырмақ. Бұған дейін Ливерпуль тумасы Смит Суперсерияда жеңіске жеткеннен кейін «Энфилд» стадионында титулын қорғауға ниет білдірген болатын. Ол үшін мансабын аяқтаған америкалық Андро Уорд пен қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырмақ болған», - деп жазады портал.

«Канело» өз кезегінде, Головкинмен үшінші рет айқасудан гөрі, ірі жекпе-жек өткізу үшін басқа салмақ санатына ауысудың амалын қарастырған. Бірақ Сергей Ковалев оның ұсынысына көнбей қойды, ал Хирн Смит Сондерспен кездесетінін мәлімдеді. Енді мексикалық боксшының қыркүйектегі жекпе-жегіне Головкиннен басқа боксшы табылмайын деп тұр.

Соңғы жаңалықтар