«Канелоның» бұрынғы қарсыласы Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісті

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы «абсолютті» чемпион Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған британдық Джон Райдер алда үлкен кездесулер өткізуде қалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Мамыр айының басында Д.Райдер Гвадалахарадағы бокс кешінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешіммен Альварестен жеңіліп қалды. Осыдан кейін промоутер Эдди Хирн мәлім еткендей, Джон Райдер үшін келесі жекпе-жекке жақсы нұсқа қазақстандық Геннадий Головкин болар еді. Райдер бұл идеяны жақсы қабылдады.

«Эдди жекпе-жектен кейін Головкинді еске алды, бірақ екінші орта салмақта басқа да үлкен жекпе-жектер бар. Әрине, мен Головкиннің жанкүйерімін. Ол – нағыз жауынгер. Бұл мексикалық стильдегі жекпе-жек болар еді. Не болатынын кім біледі? Сондай-ақ Давид Бенавидес, Калеб Плант бар. Жоғары деңгейді сақтап қалғым келеді, алты және сегіз раундтық жекпе-жектерге қайта оралғым келмейді. Мен және менің командам отырып, бәрін талқылаймыз. Олар Головкин, Плант, Бенавидес есімдерін атады. Біз не істеуге болатынын көреміз», - деді «Горилла» IFL TV-ге берген сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар