+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

«Канелоның» бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы маңызды мәлімдеме жасады

2020 жылғы 13 ақпан 18:49
Бөлісіңіз:
«Канелоның» бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы маңызды мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) жетекшісі Эдди Рейносо қарамағындағы боксшының «Синко де майо»-да кіммен кездесуді жоспарлағанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Головкиннің промоутері «Канеломен» үшінші айқас өтетін күнді айтты «Канелоның» келесі айқасы кіммен және қашан өтетіні ресми мәлімделді Головкин-«Канело» үшінші жекпе-жегі 2021 жылы өтуі мүмкін

«Канело» мамырда рингке оралады және 168 фунттағы мықты чемпионмен айқасады. Біз Golden Boy және DAZN-мен кездесіп, Саульдің келесі қарсыласы кім болатынын анықтаймыз. Оларда келісімшарт бар, оған құрметпен қарау керек. Барлық тараптың көңілінен кімнің шығатынын көреміз. Головкинге келер болсақ, біз онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайынбыз, бірақ мамырда емес, мүмкін қыркүйекте болып қалар», - деп мәлімдеді Рейносо.

«Канелоның» мамырдағы қарсыласы супер орта салмақтағы британиялық чемпиондар - Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) немесе Каллум Смит (27-0, 19 КО) болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT