«Канелоны» GGG-ды жеңген жағдайда не күтіп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxing.com сайтының тілшісі Марк Ливитц Сауль Альваресті (49-1-1, 34 КО) Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) жеңген жағдайда не күтіп тұр деген сауал қойды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Егер «Канело» Головкинді жеңсе, кейін ешқандай реванш немесе трилогия болмаса, ол тарихтағы ұлы мексикалық боксшылар тізіміне іліге ме?», - деді Марк Ливитц.

«Хулио Сесар Чавес, Рубен Оливарес, Марко Антонио Баррера, Рикардо Лопес, Хуан Мануэль Маркес, Висенте Сальдивар, Эрик Моралес - бұл мексикалық стильдегі жанкүйерлер байланысатын аз ғана есімдер болып табылады. «Канелоның» Мэйвезерден кейінгі жалғыз үлкен жекпе-жегі. 17 қыркүйек, жексенбі күні таңертең ол қайда болады екен? Ол Головкинді жеңген жағдайда, өз отандастарының арасындағы үздік бестігіне кіре ме? Күте тұрайық, көреміз», - деп жазды автор.

Головкин - Альварес айқасы 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді.

Соңғы жаңалықтар