«Канеломен» жекпе-жекте Головкиннің соққылары неге дәл тимеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingscene.com тілшісі Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болған жекпе-жек кезіндегі іс-әрекетіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.  

«Алғашқы кездесуде Головкин жасаған соққылардың дәлдігі нашар болды. Боксшы дәлдікті ұмытса, мұнда үш мәселе болуы мүмкін. Біріншіден, ол контрпанчты ойлағандықтан белгілі бір соққыларды жасағысы келмейді деген сөз. Екінші мәселе - соққылардың өзі дәл емес, алайда GGG жағдайында олай болуы неғайбыл, себебі біз оның қаншалықты дәл ұратынын жақсы білеміз. Үшіншіден, бұл әлгі бірінші мәселенің салдарынан деген ойға келдім - GGG «Канелоның» контрпанчтері мен оның «тайғанақ» іс-қимылынан сақтанып, осылай жасауы мүмкін. Өйткені, «Канеломен» жекпе-жектен кейін Головкин қайтадан бұрынғыдай дәл соққысымен таңғалдырып жүр»,-деп жазады автор.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі даулы жағдайда тең аяқталған болатын.

Соңғы жаңалықтар