«Канеломен» үшінші айқасқа Головкиннің мүмкіндігі молайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Арагон Гарсия мексикалық боксшы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) мамыр айында болуы мүмкін қарсыластары жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұдан бұрын Канелоның» жаттықтырушыларының бірі Эдди Рейносо Гарсияның келіспеуіне қарамастан британдық Джон Райдерді (28-5, 16 КО) атаған болатын.

«23 қарашада Ливерпульде Райдер WBA Super нұсқасы бойынша чемпион Каллум Смиттен ұтылып қалған еді. Бұл талас тудырған айқас болғанымен Райдердің жеңілгендігі рас. Ендеше, «Канело» сағы сынған жігітпен жұдырықтасқысы келе қояр ма екен?»,- деп жазды Гарсия өзінің мақаласында.

Енді Альварестің тізімі үш есімге дейін қысқарды: Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО), Каллум Смит (27-0, 19 КО), Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО).

Соңғы жаңалықтар