«Канеломен» айқаста Головкиннің гонорары неге жоғары болу керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс неліктен Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жекте жоғары гонорарға үміткерлік етуге құқылы екендігін айтты, деп жазады Sports.kz.

Кеше қазақстандықтың промоутері Том Леффлер 5 мамырдағы жекпе-жекті кейінге қалдырғаны үшін өтемақы ретінде екінші айқастан түсетін табыстың процентін жоғарылатуды ұсынғанын айтқан.

Алайда, «Канело» өкілдері Оскар де ла Хойя келісімнің шартын өзгертуге ниетті еместіктерін жеткізіп, GGG-дің онсызда 20 миллион доллар ақы алатынын мәлімдеген болатын.

Леффлердің мына себептер бойынша Головкинге жоғары процент сұрайтын құқысы бар:

«Канелоның» кленбутеролға тапсырған сынамасының екі рет оң нәтиже беруі;

Альвареспен болмай қалған екінші жекпе-жекке жаттығу үшін уақыт жұмсағаны;

Енді GGG 15 қыркүйекте «Канеломен» кездессе, IBF чемпионы белбеуінен айрылып қалу қаупі бар;

2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да бірінші жекпе-жегінің нәтижесі бойынша даулар. 


Фото: s-cdn.sportbox.ru

Соңғы жаңалықтар