«Канелоға» Головкинді қалай жеңу керектігі айтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - BoxingInsider.com журналисі Гэри Тодд Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) жеңуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді, сообщает Sports.kz.

«Канелоның» джебтері тамаша, соны қолдану қажет. Джебпен алдандыра жүріп, пәрменді апперкот беріп, оның артын хукпен аяқтау қажет. Ол алға қарай жүріп, Головкинге қысым көрсетуі тиіс. Осылай істей алса, ол Головкинді есебінен жаңылдырып, қозғалтпай тастайды. Меніңше, Головкин бүкіл айқас бойы апперкоттарға ашық болады. Ол басын төмен ұстаған кезде қиын қозғалады. Егер мексикалық Головкинді нокаутқа жіберу жоспарымен рингке шықса, мүлде басқаша жекпе-жектің куәсі боламыз. «Канело» жеңе алады. Шабуылдау оған оңай бола ма? Жоқ, бірақ ол шабуылдауы керек», - деп жазады автор.

Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Соңғы жаңалықтар