«Канелоға» Головкинді алмастыратын боксшы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуз қыркүйекте Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) жекпе-жек өтпесе, Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) үшін альтернативті нұсқа туралы пікір айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Давид Бенавидестің бапкері Алекс Ариса өзінің қамқорлығындағы боксшыны 5 мамырда IBF, IBO, WBA, WBC әлем чемпионы Геннадий Головкин үшін альтернативті қарсылас ретінде көргісі келетінін мәлімдеді. Бірақ, ол Ванес Мартиросянмен кездесуді жөн көрді. Арисаның айтуынша, «Канело» Головкинмен рематчта кездеспесе, Бенавидес Альварес үшін жақсы нұсқа болмақ. Golden Boy қарсылас ретінде суперорта салмақтағы WBC чемпионын қолдануға ниетті емес екендігі анық, бірақ 15 қыркүйек -Мексика тәуелсіздігі  күні үлкен қызығушылық тудырар еді», - деп жазды автор. 

Соңғы жаңалықтар