«Канелоға» бокс қоғамдастығын ренжітпей Головкинмен кездесу қажеттігі айтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс Сауль Альварестің алдағы қыркүйекте Головкинге қарсы жекпе-жектен бас тарту мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Егер Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуі өткізілмесе, бокс қоғамдастығы ренжуі мүмкін. Жанкүйерлер 2017 жылғы 16 қыркүйектегі кездесудің жеңімпазын көре алған жоқ. GGG таза жеңіп тұрғанын көрсек те, төрешілер тең нәтиже тіркеді. Егер 15 қыркүйекке жоспарланып отырған рематч өтпей қалса, фанаттар мен БАҚ «Канело» мен Golden Boy компаниясын Головкиннің қартайғанын аңдып отыр деп ойлайды. Ол 2015 жылы-ақ жұдырықтасқысы келген, бірақ де ла Хойя «Канелоның» әлі дайын емес екендігін айтып, сылтауратқан болатын», - дейді автор.

Соңғы жаңалықтар