+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

«Канело» жекпе-жектен бас тартқан жағдайда Головкин қандай қадам жасайды

2019 жылғы 11 қыркүйек 09:33
Бөлісіңіз:
«Канело» жекпе-жектен бас тартқан жағдайда Головкин қандай қадам жасайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жаңа промоутері Эдди Хирннің ұсынысымен Сауль Альварес (52-1-2, 35 KO) трилогиядан бас тартқан жағдайда жүзеге асырылатын нақты іс-қимыл жоспарын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин де, Хирн де «Канеломен» трилогия өткізуге ниетті екені белгілі, алайда екеуі мексикалық боксшының GGG-мен мүлде рингке шыққысы келмейтіндей жағдай орнағанда жүзеге асырылатын «Б» жоспарын әзірлеуді шешті. Осылайша промоутері Головкинге нақты айқасатын төрт қарсыласты ұсынды. Қатарында Деметриус Андраде (28-0, 17 КО, орташа салмақтағы WBO чемпионы), Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО, супер орташа салмақтағы WBO чемпионы), Каллум Смит (26-0, 19 КО, супер орташа салмақтағы WBA Super чемпионы) және Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) бар. Олардың үшеуі әлем чемпионы титулдарына ие. Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің дауысымен жеңімпаз атанған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT