«Канело»-Ковалев андеркартында қазақстандық боксшы жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8 КО) Сауль «Канело» Альварес — Сергей Ковалев айқасының андеркартында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Нұрсұлтанның қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас (16-5, 13 КО) болды. 10 раундқа есептелген жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды.

Еске сала кетсек, Мейірім Нұрсұлтанов бұған дейін Ресейдің Челябі қаласында WBO белбеуіне таласқан боксшылар Сергей Ковалев – Энтони Ярд айқасының андеркартында өнер көрсеткен болатын. Мейірім Нұрсұлтанов ол кезде ресейлік Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) кездесу өткізіп, 10 раундқа шақталған орта салмақтағы айқас Мейірімнің жеңісімен аяқталды. Әділқазы бірауыздан осылай деп шешті.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов пен Сергей Ковалев бүгінде «Main Events» промоутерлік компаниясында.

Соңғы жаңалықтар