«Канело» Головкинмен жекпе-жегі алдында отасы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) сәуір айында тізесіне жасалған ота туралы тағы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл тазалау операциясы болды. Ісігімді алып тастап, кейін тазалады. Себебі ауырсынып жүрген шеміршектерім де болды. Тізем мазамды қашырып жүрген еді, отаға сол үшін де келістім. Қазір оңайлықпен жүгіріп жүрмін, залда да жаттығуға ешқандай кедергі жоқ», - деді Альварес.

Еске салайық, 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында «Канело» мен қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) қарымта жекпе-жегі өтеді.

Кездесуді «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареске қарсы рематч қаржылық тұрғыдан тиімді болғандықтан оны өткізуге келіскенін мойындады. Сондай-ақ ол боксшылар үшінші мәрте рингке шығуы мүмкіндігін де жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар