«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек жөнінде шешім қабылдады

МЕХИКО. ҚазАқпарат – The Athletic басылымы Мексика боксшысы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен қыркүйек айында өтетін үшінші жекпе-жегін қалай жоспарлап отырғанын баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.
«Канело» маусым айында Сондерспен жекпе-жек өткізуге әлі де ниетті екенін айтты. Бірақ ол коронавирус кесірінен өтпей қалса, Головкинмен үшінші жекпе-жекке бірден өтуге әзір екенін білдірді», - деп жазады The Athletic.
Еске сала кетсек, бастапқыда Альварестің британдық Билли Джо Сондерспен жекпе-жегі 2 мамырға жоспарланған еді, алайда коронавирус пандемиясы салдарынан оны кейінге қалдыруға тура келген.
Головкинмен айқасуға келетін болсақ, Париматч букмекерлік кеңсесінің оған қатысты белгілеген бағасы мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.53, Головкиннің жеңісі – 2.40, тең түсу – 19.
Үшінші жекпе-жек 12 қыркүйек күні Арлингтондағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T Stadium аренасында өтеді деп күтілуде.
- Бокстан әлем чемпионаты: 2 қазақстандық 1/8 финалға шықты
- Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тараз» үздік үштікке көтерілді
- Грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали Азия чемпионы атанды
-
Ақтөбеде суда жүзуден ел біріншілігі өтіп жатыр
-
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» мен «Қайрат» бірдей ұпай жинады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам