«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жегін тағы да кейінге қалдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) командасының қыркүйектегі жекпе-жектен бас тартатындығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.


«Мексика ұлы ретінде, мамыр және қыркүйек айларында елімнің намысын қорғау – мен үшін үлкен абырой. Бірақ, бірнеше салмақ санатындағы әлем чемпионы ретінде тартысты әрі қызықты жекпе-жектер өткізудің жауапкершілігін де сезінемін. Сондықтан Golden Boy және менің командам жекпе-жектің уақытын кейінге қалдырғанды жөн санадық – бұл фанаттарым үшін дұрыс шешім. Біз үздік қарсыласқа қарсы үздік жекпе-жек өткізгіміз келеді, - деп мәлімдеді «Канело».

Еске сала кетейік, әуел баста 14 қыркүйек күні Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші рет жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған еді.

Соңғы жаңалықтар