Канело Головкинмен үшінші жекпе-жегі қыркүйек айында өтетінін ресми айтты
2022 жылғы 23 мамыр 22:15

Канело Головкинмен үшінші жекпе-жегі қыркүйек айында өтетінін ресми айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Генадий Головкинмен жекпе-жекке шығатыны туралы ресми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақын күндері біз жекпе-жек туралы хабайлайтын боламыз. Әрине, Головкинге қарсы жекпе-жек алдында келісілгендей қыркүйек айында болады. Сонымен қатар сәл кейін Биволмен де реванш өткізетін боламын», - деді «Канело» баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, 8 мамырда мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалған еді.

Қазақстандық боксшы GGG мен Канело арасындағы бұған дейінгі екі жекпе-жек те Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Бірінші жекпе-жек тең есеппен және ал екінші төрешілердің көпшілік шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды.



Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT