«Канело» Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға дайын

None
None
САН-АНТОНИО. ҚазАқпарат – Мексика боксшысы Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) британдық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңгеннен кейін сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ұзақ уақыт кідіріс болса да, бұл жекпе-жекке дайындықта тамаша жұмыс атқардық. Мен рингке оралып, өзімнен алып жігітті жеңгеніме бақыттымын. Иә, ол мықты боксшы, бірақ мен бірінші раундта-ақ өзімнің кім екенімді таныттым. Әлемде үздік екенімді дәлелдедім. Маған 168 фунтта шыққан ұнады. Бұл дивизионда белдіктерге қол жеткізгенім – менің үздік нәтижелерімнің бірі. Мен мұнда белдіктердің басын қосқым келеді, жаңа жекпе-жектерді қалаймын. Бұл – менің мақсатым. Болашақта Головкинмен үшінші рет айқасуым мүмкін бе? Мен тек үздіктермен жұдырықтасқым келеді. Егер бұл жекпе-жекті қабылдау мүмкіндігі туса, мен оны қабылдаймын. Тек үздіктермен кездесуге дайын екенімді көрсеттім», - деп мәлімдеді Канело.

Еске сала кетейік, «Канело» британдық Калум Смитті жеңіп, WBA және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарын иеленді.

19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) поляк боксшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңгеннен кейін «Альварес-Смит» айқасының қай жеңгенімен кездесуге ниетті екенін білдірген еді.


Соңғы жаңалықтар