«Канело» Головкинмен трилогия жөнінде күтпеген мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Elmanana.com сайтының хабарлауынша, орта салмақтағы WBA Super және екінші орта салмақтағы WBA Regular нұсқасы бойынша әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Azteca Deportes басылымына қазақстандық Геннадий Головкинмен болады деп жоспарланған трилогия туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Гвадалахаралық боксшыға «Трилогия жасау үшін қыркүйекте Геннадий Головкинмен кездесесіз бе?», деген сауал қойылды. Канело жауап ретінде өзінің қарсыластарына қатысы нақты ештеңе айта алмайтынын жеткізді. «Мен шілде айында қандай да бір байлам жасауға болады деп ойламын», деді ол.

Айта кетейік, Головкинмен «Канелоның» алғашы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, ол кезде екі боксшы да теңдей түсті деген шешім шығарылды. Алайда, бұл шешім үлкен дау тудырды. Екінші кездесуде судьялар басым дауыспен жеңісті Альвареске берді. Ал жуырда Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс қазақстандықтың Канеломен 2020 жылдың қыркүйегінде өтуі тиіс трилогиядан бас тартатынын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар