«Канело» Головкинмен реванш өткізу туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) қарымта кездесуді жоспарлап отырғандығын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Алайда «Канелоның» командасы реваншты өткізу орнын әлі анықтаған жоқ. Қарымта кездесу орындарының тізімінде Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас қалаларының мүмкіндігі қарастырылуда.

«Жекпе-жектің қайда өтетіндігін әзірге білмеймін, бірақ оның мамырда өтетіні анық», - деді «Канело» журналистердің сұрағына.

Айта кетейік, реванш 2018 жылдың 5 мамыр күні өтеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар