«Канело» Головкинмен рематч алдында жарақаты туралы айта бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) алдағы рематчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мүмкін олардың тактикасы - өзара соққылардың соғысын жасау, бірақ бұл менің ішімдегі ғана сезім. Не істеуім керектігін білемін. Екінші айқас біріншісіне қарағанда әсерлі өтеді. Біз бір-бірімізді білеміз және не істеуі керектігімізді жақсы түсінеміз», - деді Альварес.

Сондай-ақ боксшыдан таяуда тізесіне жасалған операция турулы және оның жекпе-жекке дайындығына қалай әскер етіп жатқанын сұрады.

«Тізем бе? Айқас кезінде ол маған еш қиындық туғызбайды. Олай болған жағдайда да, «Б» жоспарым бар. Бірақ ол туралы ешкімге айтпаймын», - деді ол.

Айта кетеййік, «Канело» - GGG рематчы биыл 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

Profit Betting оған келесідей коэффициенттерді ұсынып отыр. Головкиннің жеңісі - 1.61, Альварестің жеңісі - 2.57, тең айқас - 21.5.

 

Соңғы жаңалықтар