«Канело» Головкинмен қыркүйектегі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен қарымта айқас өтетіні ресми жария етілгеннен кейін, өз жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады, деп жазады Sports.kz.

«Мен сіздерге Головкинмен жекпе-жек туралы келісімге қол жеткізгенімізді хабарлаймын. Біз 15 қыркүйекте тағы да кездесеміз, сіздерге ақпарат беріп отырамын. Сіздердің қолдауларыңызға алғыс айтамын», - деді Сауль Альварес Инстаграмдағы видеоүндеуде.

Головкин мен Альварестің қарымта айқасы 15 қыркүйекте, бірінші жекпе-жек өткен жерде Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді. Ол даулы кездесу тең нәтижемен аяқталған еді. Боксшылардың промоутерлері келісім жасауға берілген мерзімнің соңғы сәтінде айқасты өткізуге ортақ мәмілеге келген болатын.  

Соңғы жаңалықтар