«Канело» Головкинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) өзінің қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) кәсіпқойлығын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Головкин - өзгеше боксшы. Ол мықты әрі төзімді. Оны жеңу қиын болады. Бұл менің мансабымдағы ең маңызды жеңіс болатыны сөзсіз», - деді «Канело» ESPN-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Канело» мен Головкиннің екінші кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтеді. Тап осы жерде боксшылардың тең түскен бірінші кездесуі өткен болатын. Бұл жолы боксшылардың екеуі де кездесуді нокаутпен аяқтауға оқталып отыр. Өйткені олар жекпе-жек нәтижесі бойынша шешімді төрешілер жасағанын қаламайды.

Бұл жекпе-жекке 1XBET букмекерлік кеңсесі төмендегідей коэфициенттерді ұсынып отыр. Головиннің жеңісі 1.68, «Канелоның» жеңісі - 2.488, тең түскен жағдайда - 20.

Америкалық HBO және шетел телеарналарындағы ақылы көрсетілім 16 қыркүйекте Астана уақытымен таңғы 6:00-де басталады.

Айқасты отандық екі телеарна тікелей эфирден көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар