«Канело» Головкинді жеңгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегінен қанша табыс тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC/WBA (Super) тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварестің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт жасасқан соң өткізген бірінші жекпе-жегінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мексика спортшысы жаңа таратушымен 15 желтоқсанда сынға түскен. Онда «Канело» британдық Рокки Филдингті үшінші раундта нокаутқа жіберіп, оның WBA-ның екінші орта категориясындағы чемпиондық белбеуін тартып алды. Daily Mail мәліметінше, Альварес бұл жекпе-жек үшін 15 миллион доллар табыс тапқан. Бұл ретте оның DAZN-мен келісімі 5 жыл және 11 жекпе-жектен тұрады, жалпы сыйақы - 365 миллион долларды құрап отыр.

«Канелоның» рингке оралуы 2019 жылдың 4 мамырына жоспарланған. Оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз. Келесі жылы Саульдің әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегі өтеді деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар