«Канело»: Бұл жолы Головкиннің командасы тым артық кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2) қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге (38-0-1) қарсы жекпе-жекке неліктен ерекше мотивациямен келетінін айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Головкиннің командасы неліктен мен туралы ұнамсыз пікір білдіріп жатқанын білмеймін. Бәлкім, оған арамыздағы бәсекелестік себеп шығар. Бірақ, олар тым артық кетті деп ойлаймын. Жекпе-жекті қымбатқа сату үшін шектен шықты... Абель Санчестің сөздері мені қызықтырмайды. Бұл жолғы жекпе-жек бұрынғыға қарағанда жеке айқас болады. Біздің бір-бірімізге деген аздаған құрметіміз де жоғалды. Мен осыны мотивация ретінде пайдаланамын», - дейді боксшы Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 15 қыркүйекте болады.

Соңғы жаңалықтар