+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

«Канело» баспасөз мәслихатында Плантпен төбелесіп қалды

2021 жылғы 22 қыркүйек 09:40
Бөлісіңіз:
«Канело» баспасөз мәслихатында Плантпен төбелесіп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Лас-Вегаста 6 қарашада өтетін мексикандық Сауль «Канело» Альварес пен АҚШ өкілі Калеб Плант арасында жекпе-жекке арналған баспаөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Еркебұлан Малшыұлы Моңғолиядағы күрестен «хурц арслан» атағын иеленді Шымкентте бадминтоннан ел чемпионаты өтеді Бүгін футзалдан Еуропа чемпионатының жеребе рәсімі өтеді: Қазақстан 1-себетте

Бір-бірін көзбен атысқан кезде қарсыластар сөзге келіп қалды. «Канело» өзінің оппонентін итеріп жіберді, ал ол өз кезегінде соққыға жүгінді. Боксшылар арасында кішігірім төбелес болды, оларды команда мүшелері айырып алды. Суреттерден Планттың бетіне тыртық түскенін байқауға болады.

«Бұл тыртық менің күннен қорғайтын көзілдірігімнен болды. Мен көзілдірік киген едім. Болған нәрсе болды. Бұл бар болғаны беттегі кішкене сызат», - деді өзінің жарақаты туралы Калеб.

Еске сала кетейік, «Канело» мен Планттың жекпе-жегі 6 қараша күні Лас-Вегаста 09:15-те басталады.

Ф ото: Amanda Westcott / Showtime

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT