Қандыағашта 26 жастағы бойжеткен өзін тонап кетті деп әкесіне өтірік айтқан

None
None
ҚАНДЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны жалған мәлімет бергені үшін жазаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қандыағаш қаласының 26 жастағы тұрғыны полицияға арыз түсірді. Ол көшеде өзін белгісіз біреулердің тонап кеткенін айтып, арызданды.

«Велосипедпен келе жатып, сөмкесін ашық түрде ұрлап кеткенін айтты. Жалпы шығыны 10 мың теңгені құрады. Тергеу барысында тонау фактісі болмағаны және оны өзі ойлап тапқаны анықталды. Сол кеште ол жұмыстан шығып, бір танысымен кездескен. Көлікте аяқ астынан жанжал шығып, ер адам қыз баланы бетінен ұрып жіберген. Ол ашуланып, көліктен түсіп, сөмкесін алуды ұмытып кеткен. Үйге сөмкесіз оралған қыз әкесіне оған белгісіз біреудің шабуыл жасап, тонап кеткенін айтқан. Әкесі полицияға жүгінді», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта іс тоқтатылды. Ал жалған ақпарат беру фактісі бойынша қызға қатысты шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар