Қандыағаш маңында 20 жүк вагоны жолдан шығып кетті - Ақтөбе облысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 15 сағат 20 минутта Ақтөбе темір жол бөлімшесінің Қандыағаш-Жем теліміндегі Құдық-Жем қума жолында №2908 жүк пойызының 20 вагоны, оның ішінде бензин тиелген 16 вагоны вагоны жолдан шығып кетті.

Апаттың себеп салдарын тексеру мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.

Апат зардаптарын қалпына келтіру мақсатында Қандыағаш пен Шалқар стансаларынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары іске кірісті.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар