Кандидаттың үгіт материалдарын қасақана зақымдаған елордалыққа айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидаттың үгіт материалдарын қасақана зақымдаған елордалыққа айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар президенттікке кандидаттың бірінің үгіт материалдарын қасақана зақымдау фактісі анықталды. Бұл факті бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 134-бабымен 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді Болат Дембаев ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның дерегінше, соттарға сайлау бойынша барлығы 11 өтініш түскен.

«Мысалы, кандидат Ә.Қосановтың штабындағы еңбек дауы бойынша 1 адамның Қызылорда облыстық сотына 3 өтініші келіп түсті. Сот оларды қанағаттандырудан бас тартты. Жалпы биылғы электоралдық кезең құқықтық алаңда өтіп жатыр. Егер прокуратураға түскен өтініштер туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта олардың саны 21-ге жетті. Оның ішінде 13-і сайлау комиссияларының құзыретіне жатады. Басқа 8 өтініш бойынша прокурорлар кандидаттың өзін-өзі ұсынуы және сайлаушыны тіркеу бөлігінде түсіндірме берді», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Соңғы жаңалықтар