Кандидатты 10 теңге айырмашылыққа бола тіркемеу әділетсіздік - Жақып Асанов

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Кандидатты декларациядағы 10 теңге айырмашылыққа бола тіркемеу әділетсіздік. Мұндай пікірді бүгін елордада өтіп жатқан ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияда ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот жүйесі сайлау туралы заңнаманың бұзылуына қатысты кез келген нақты факті бойынша шешім қабылданатын саты саналады. Сондықтан, ең алдымен сайлауға қатысты даулар бойынша ахуал қандай екендігін айтпақпын. Заң мұндай шағымдарды қарауға өте тығыз уақыт бекіткен. Егер сайлауға дайындық жүріп жатса, онда сот 5 күннің ішінде қарауы тиіс. Бірақ, дауыс бергенге дейін бес күннен кешіктірілмеуі керек. Егер дауыс бергенге немесе сайлаушылардың дауысын санауға дейінгі бес күннің ішінде түсетін болса, онда сот мұндай шағымдарды күнбе-күн қарауы қажет», - деді Жақып Асанов.

Мәселен, оның дерегінше, 2016 жылы өткен Мәжіліс пен Мәслихат сайлауларында сотқа 355 шағым түскен. Бұл 2012 жылы өткен сайлаулардағы шағымдардан 25 пайызға кем. Дегенмен, 2016 жылғы сайлаулардағы шағымдардың 96 пайызы кандидаттардыңnull декларацияларында көрсетілген сомада айырмашылық болуына байланысты тіркеуден бас тартуға келіспеумен байланысты болған.

«Әрине, кандидаттың тікелей кінәсі болмаса сот шағымды қанағаттандырады. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы азамат Әйкенді облыстық мәслихатқа қандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Сот оның шешімін жойып, кандидатты тіркетті. Өйткені, сот қарауы барысында салық органдарының ақпараты дәлелденбеді. Сайлау комиссиялары декларациядағы айырмашылыққа байланысты тіркеуден бас тартатын деректер өте көп. Әрине, әңгіме миллиондар немесе жүздеген мың теңге төңірегінде болып отырған жоқ. Сөз 100, 10 теңге жайында. Міне осындай болмашы ғана сома. Дегенмен, заң тұрғысынан біз оларды қабылдамауымыз керек. Біз мұны мүлдем әділетсіз деп есептейміз. Сондықтан осы тұрғыда заң нормаларын нақтылау қажет», - деді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы.

Осы ретте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мұндай жағдайларда сот оның дұрыс не бұрыс екендігінің ара жігін ашып беруге құқылы екендігін атап өтті.

«Біз нормалардағы формалды талаптарды ескереміз. Сайлау комиссиясы сәйкессіздіктерге орай шешім шығару керек. Бізде түсіндіру құқы берілмеген. Егер даулардың 96 пайызы осы санатқа жататын болса, онда сайлау комиссияларының мүшелері заң талаптарын мүлтіксіз орындайды деген сөз»,- деді Берік Имашев.

Айта кетейік, 2 күндік халықаралық конференция қатысушыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдаған болатын. 

Алқалы жиынға Әзербайжан, Ресей, Латвия, Литва, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан сынды елдердің Орталық сайлау комиссияларының төрағалары қатысуда.

Конференция аясында ҚР Орталық саулау комиссиясы мен Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы және Иорданияның Тәуелсіз сайлау комиссиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар