Кандидаттарға БАҚ-та теңдей мүмкіндік берілді - Нұргүл Мауберлинова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар жүргізген сайлау алдындағы үгіт қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова кандидаттарды қолдау үшін сайлау алдындағы үгіт іс-шаралары туралы ақпаратты БАҚ-та баспа алаңының, эфир уақытының бірдей көлемінде тарату қорытындысы туралы баяндады.

«Электоралдық науқанды жазып көрсету бойынша мониторингпен 820 бұқаралық ақпарат құралы қамтылды. Оның ішінде: 17 республикалық телеарна, 66 республикалық баспа басылымы, 30 өңірлік телеарна, 519 өңірлік баспа басылымы, 30 радио, 140-тан астам интернет-ресурс. Мониторинг қорытындысына сәйкес, бүгінгі күні шамамен 16 мың ақпараттық материал жарық көрді. Бұл кезектен тыс президент сайлауына азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қызығушылықтың жоғары екендігін көрсетеді», - деді ол.

Оның айтуынша, БАҚ-та сайлаудың ұйымдастыру-құқықтық аспектілерін халыққа түсіндіруге арналған 5 мыңға жуық материал жарық көрді. Республикалық деңгейде заңнама талаптары толықтай орындалды. 6 маусымда кандидаттардың қызметі және олардың штабтары туралы 11 мыңнан астам материал барлық БАҚ түрлерінде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар