Кандидаттар сайлаушыларға сыйлық ұсына ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Заңгерлер - әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Сергей Ударцев сайлау штабтарының қайырымдылық шараларын өткізуі қаншалықты заңды екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңгердің айтуынша, сайлау туралы заңнамада дауыс берушілерге тегін немесе арзан бағамен тауар, қызмет түрі мен бағалы қағаздар беруге болмайды.

«Кандидат пен оның сайлау штабына науқан кезінде лоторея ойыны мен қайырымдылық акцияларын өткізуге, ақша төлеуге және өзге де материалдық мәндегі уәде беруге тыйым салынады. Бұл тізімге сайлауға арнайы дайындалған ақпараттық баспа материалдар, иллюстрациялық парақтар, жалаушалар кірмейді», - дейді Сергей Ударцев.

Бірлестік өкілі осы аталған талап кандидатқа қатысы жоқ үшінші тұлғаларға да қолданылатынын айтты. Аталмыш талаптар бұзылған жағдайда оған жол берген азаматтар Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 118-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Соңғы жаңалықтар