Кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысының сайлаушыларымен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысының сайлаушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына сілтеме жасай отырып.

Басқосу Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы колледжінде өтті. Кандидат жұртшылықпен тілдесе отырып, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына да тоқталды.

Сондай-ақ Жигули Дайрабаев Қарғалы ауданындағы шаруашылықтарға барып, мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге жетпіске жуық адам қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар