Қандай органдарда жемқорлық фактілері жиі кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауруханалар, полиция, жер басқармасы, орталық кеңселер, мемлекеттік балабақшалар - сыбайлас жемқорлық жағдайы көп кездесетін мемлекеттік мекемелер. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайының мониторингі өткен жылы күз айында жүргізілді. Республика бойынша 9 мың респонденттен республикалық маңызы бар үш қалада және 14 облыс орталығында, 164 аудан орталығында сұхбат алынды. Сонымен қатар, біз «Ашық диалог» порталынан бір жарым мыңға жуық шағымды зерттедік. Зерттеуге 200-ге жуық сарапшы, 173 дала әлеуметтанушы мен 12-ге жуық сарапшы жұмылдырылды», - деді спикер.

Оның айтуынша, аймақтар бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайымен көбінесе Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Атырау облыстарының тұрғындары бетпе-бет келген.

«Бұл аймақтардағы біздің респонденттер келіссөз жүргізу қажеттілігі жиі туындайтынын хабарлады. 2020 жылдың нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 11,3% -ы өздерінің жемқорлық жағдайына тап болғанын хабарлады. Ауруханалар, полиция, жер басқармасы, орталық кеңселер, мемлекеттік балабақшалар - сыбайлас жемқорлық жағдайы көп кездесетін мемлекеттік мекемелер. Әйтсе де 2019 жылмен салыстырғанда респонденттердің сыбайлас жемқорлық жүйесімен бетпе-бет келу жағдайы 1 пайызға төмендегені байқалады», - деді Ольга Шиян.


Соңғы жаңалықтар