Қандай нотариустар көбірек ақша табады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әділет министрі Марат Бекетаев сот орындаушылары мен нотариустар арасындағы жұмыстың тиімді амал-әдісін табу мәселесі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта біз сот орындаушылық, адвокатура мен нотариат саласындағы тенденцияны көріп отырмыз. Жаңа сипатта жұмыс атқаратын сот орындаушылары баршылық. Мәселен, сот орындаушы үйінде түнде ұйықтап жатқан кезде оған әуежайдан біреу хабарласып, ұшаққа отыруға рұқсаты жоқ екенін айтып шағымдануы ықтимал. Осы ретте күні ертеңінде кеңсеге келуін өтініп, тұтқаны қоя салатын сот орындаушылары бар да, ал кей жағдайда колл-орталықтың нөмірін беретін де сот орындаушылары баршылық», - деді Әділет министрі ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Бекетаевтың айтуына қарағанда, айтылған соңғы амал-әдіс клиенттер үшін тартыста оң нәтижесін береді.

«Ол хабарласқан адамға белгілі бір әуежайда терминалға жақындап, қарызды өтеуге болатыны туралы ескертіледі. Ал тұтқаны қоя салған сот орындаушы адамға тез арада көмектесудің орнына комиссия төлемінен қағылады. Нақтырақ айтқанда, бұл саладағы кәсіби мамандардың арасында бәсекелестік қызайын деп тұр. Мұның арты әлбетте, қызмет сапасының жақсаруына мұрындық болады», - деді Марат Бекетаев.

Министр өз сөзінде нотариустың қызметінде де осындай бәсеке болатынын айтады.

«Сағат 09.00-18.00 арасында ғана жұмыс істейтін нотариустар осы күн тәртібіне үйреніп алған. Олардың клиенттік базасы да бар. Ал тәулік бойы қаланың кез келген нүктесіне жетіп, қызмет көрсетуге даяр нотариустар көбірек клиенттерге ие болады. Адамдар үшін бұл жүйе өте тиімді. Тіпті менің де өзім нотариус қызметіне қалай жүгінгенім есімде. Бұрын қалай еді, бүгін қалай болды!? Кезек күтіп, нотариусты бір жерге шақырып алу күрделі еді. Ал қазір мұндай мәселелер жоқ», - дейді Марат Бекетаев.

Соңғы жаңалықтар