+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Қандай меморган мекенжай анықтамасын талап ете алады

2019 жылғы 30 қазан 12:12
Бөлісіңіз:
Қандай меморган мекенжай анықтамасын талап ете алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Енді ешбір мемлекеттік орган немесе жеке жұмыс беруші азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін халыққа мекенжай анықтамасы қандай жағдайда талап етілетінін түсіндіру үшін жиналып отырмыз. Егер мемлекеттік орган туралы айтар болсақ, орталық мемлекеттік органдар немесе облыстық, аудандық бөлімшелер деңгейінде бұл мәліметтер (мекенжай анықтамасы- авт) қолжетімді. Жұмыс беруші мұндай жағдайда жұмысқа тұрғысы келген азаматтан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды. Егер мәселе жеке тұлғада болса, ешбір еңбек заңнамасында мекенжай анықтамасын алып келу туралы талап жоқ. Яғни, бұл жерде мәселе азаматтың жұмысқа тұрар кезде өзінің қайда тұратынын нақты жазып бере алуымен шектеледі», деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте.

Әріптесінің сөзін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов та растады.

«Мекенжай анықтамасын мемлекеттік деңгейде алынып тасталды. Яғни, барлық жұмыс берушілер азаматтарды жұмысқа алу тәртіптерін қайта қарауы керек», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева елімізде мекенжай анықтамасы 1 қарашадн бастап жойылатынын мәлім еткен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT