+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қандасымыз Уәлихан Серікұлы Қытай чемпионатында алтыннан алқа тақты

2020 жылғы 16 қазан 17:36
Бөлісіңіз:
Қандасымыз Уәлихан Серікұлы Қытай чемпионатында алтыннан алқа тақты

ҮНЖУ. ҚазАқпарат - Шыңжаңдық қандасымыз Уәлихан Серікұлы грек-рим күресінен Қытай чемпионатының алтын медалін ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қандастар қонысы арқасында Ольгино ауылында қазақ мектебі ашылды – Болат Жұмаділұлы «Túrkistan» газетінің Atajurt жобасы таныстырылды Өзбекстандағы қазақтардың Кіші құрылтайы өтті

Бұл жарыс бүгін Қытайдың Үнжу қаласында басталған болатын. Уәлихан Серікұлы 63 келі салмақта өнер көрсетіп, финалда шанхайлық қарсыласын 9:0 есебімен ұтты. Қандасымыз осыдан кейін Олимпиадаға лицензиялық іріктеу турниріне қатысатын болады.


У.Серікұлы – 1993 жылы Шыңжаңның Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. Қытай құрамасының сапында өнер көрсетеді. Қытай чемпионатының 4 дүркін жүлдегері, Мажарстан астанасы Будапеште өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатында 3-орын иеленген.

Уәлиханның бапкері Әлнұр Төргеұлы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Қытай атынан 2004 жылғы Афины Олимпиадасына қатысқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ризабек Нүсіпбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT