+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Қандасымыз Баян-Өлгейдің білім басқармасын басқарады - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2021 жылғы 29 тамыз 12:32
Бөлісіңіз:
Қандасымыз Баян-Өлгейдің білім басқармасын басқарады - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелдегі қазақтілді БАҚ-пен тәжірибе алмасуды жолға қою керек – Елдос Наширали Шетелде қазақтілді қанша БАҚ жұмыс істейді Шетелдегі қандастарды елге әкелудің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Түйе баққанның тұрмысы тез оңалады – «Тяньшаньнет»

Қытайлық БАҚ-та осындай тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

Шыңжаңның Хутыби ауданы, Вугонгтай қаласының Шяо-Чуань ауылына қарасты қазақ тұрғындары түйе бағып, сүтін сату кәсібін жалғастырып келеді, деп хабарлайды kazakh.ts.cn.

Аталған БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, ондағы түйе бағып, сүтін сауған бақташылардың табысы жақсарып келеді екен. Олардың тек сүт сатудан келетін жылдық кірстің өзі 300 000 юаньға жетеді.

«Соңғы жылдары Шяо-Чуань ауылы түйе шаруашылығын қарқынды дамыта отырып, фермерлер мен малшылардың табысын көбейту жолдарын кеңейтті. Қазіргі уақытта бұл ауылда 230 түйе бар, тек түйе сүтін сатудың жылдық табысының өзі 300 000 юань(19 500 000 теңге – авт.) тұрады», деп жазады қытайлық БАҚ.


Амантай Ғафуұлы аймақтық Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды - Kaznews


Амантай Ғафуұлы Баян-Өлгей аймағының Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kaznews ақпараттық порталы.

Моңғолиялық қандасымыз Амантай Ғафуұлы аймақ әкімінің 2021 жылы 23 тамыз күнгі Б/32 үкімі бойынша аймақтық Білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.

Айта кетейік, Амантай Ғафуұлы 1972 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Мамандығы математик, информатика пәнінің мұғалімі. 2012 жылдан бастап Өлгей қаласының жалпы білім беретін №5 мектебінің директоры қызметін атқарған.

Қазақстан мен Катардың арасында виза жойылып, тікелей рейс ашылады - Parstoday

Бұл туралы осы аптада Иранның Parstoday ақпарат агенттігі де хабарлаған болатын.

Осы аптада ирандық БАҚ-та елімізге қатысты бұл ғана емес, бұдан өзге 4-5 ақпарат жариялады. Біз соның ішіндегі Parstoday-де хабарлаған Қазақстан мен Катардың арасындағы жағымды жаңалықты оқырмандарымызға тағы да бөлісе кеткенді жөн санадық.

Қазақстанның туристік басшылары Катармен келіссөз жүргізіп, Доха-Алматы-Доха бағытында тікелей рейс ашуға ниеттеніп отырғанын хабарлады.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Әлихан Смаилов бастаған қазақ делегациясы Катар басшылары және сауда өкілдерімен кездесіп, 2021 жылы қазан айында Qatar Airways компаниясының Доха-Алматы-Доха бағытында аптасына екі рет тікелей рейс жасауына келісті. Смаиловтың айтуынша, екі ел азаматтары үшін 30 күн визасыз жүру заңы енгізіледі.

Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды - TRT

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. Бұл туралы осы аптада Түркия радио телевизия порталы да хабарлады.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларында болған жарылыста 13 адамның қаза табуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған.

Айта кетейік, ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасында жариялаған Жалпыұлттық аза тұту күні туралы жазбасын түркиялық БАҚ-та өз оқырмандарына бөлісті.

Киберспорттан шетелдегі отандастар арасында Халықаралық онлайн-турнир өтеді - «ӨзА»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отандастар қоры» мен «Qazaq Cybersport Federation» (@qcf.kz) шетелдегі отандастардың арасында киберспорт бойынша жарыс өткізеді, деп хабарлады «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Өзбекстандық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, онлайн турнир 2021 жылдың қыркүйек-қазан айына жоспарланған. Шара Қазақстаннан шет мемлекеттерде тұратын, киберспорт бойынша өз шеберлігін көрсеткісі келетін қандастарға арналған, сондай-ақ қатысуға ниет білдірген әр адам сауалнамадан өтуі керек.

«Ал сауалнама 2021 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Одан кейін Отандастар қорының сайтында кибер жарысқа тіркелу үшін арнайы сілтеме жарияланады. Қосымша мәліметтер алдағы уақытта хабарланады», деп жазды «ӨзА».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT