Қандастарымыз арасында «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелде тұратын қандастардың қатысуымен «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандастар» қоғамдық қорынан хабарлағандай, аталған шара биылғы 1 мамыр мен 7 шілде аралығында өтеді.

Шараның басты мақсаты - Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтар мен өзге елдерде тұрып жатқан қандастар арасында халқымыздың ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрін, тілін дамытуға қолдау көрсету.

Фестивальда төрт номинация бойынша байқау ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, мүшайра, терме, халықтық-қолданбалы өнер және вокалдан (ұлттық өлендер) сайыстар өтпек.

Байқаудың іріктеу кезеңдері облыстарда ұйымдастырылса, финалы және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі үстіміздегі жылдың 7 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Барлық ниет білдірушілер https://oq-bilim.kz сайтында тіркеуден өте алады. Өтінімдерді 10 мамырға дейін [email protected], [email protected] электрондық пошталарға жіберуге болады.

Соңғы жаңалықтар