+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қандастарға азаматтықты рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді

2021 жылғы 8 қыркүйек 11:41
Бөлісіңіз:
Қандастарға азаматтықты рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіле бастады. «Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметі қоныс аударушыларға қажет тағы үш қызметпен бірге көрсетіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутат шетелдегі қандастарға ана тілін оқыту мәселесі туралы айтты

Осылайша, көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш бергеннен кейін «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу», «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» қызметтерін пайдалана алады.

«Бір өтініш» қағидаты бойынша қызмет көрсету мерзімдері:

– қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні;

– қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 14 жұмыс күні;

– шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 45 күнтізбелік күн;

– Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу – 30 жұмыс күні.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Осы композиттік мемлекеттік қызметті алу мақсатында қандастарға бірыңғай тізбеге сәйкес тиісті құжаттарды ұсыну жеткілікті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT